Албания астанасы Тиранада басталған күрестен Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Әйелдер және еркін күрестен Ұлттық құрама спортшыларының алғашқы қарсыласы төмендегідей:
61 кг, іріктеу:
Асыл Айтақын – Леонид Колесник (Молдова)
70 кг, іріктеу:
Нұрқожа Қайпанов – Сина Махди Халили (Израиль)
79 кг, 1/8 айналым:
Дәулет Ергеш – Михаил Илиев Георгиев (Болгария)
92 кг, іріктеу:
Нұрдәулет Бекенов – Сандип Сингх Ман (Үндістан)
Әйелдер күресі:
55 кг, 1/8 айналым:
Зульфия Яхьярова – Ариана Луиз Вилаескуса (АҚШ)
59 кг, 1/8 айналым:
Диана Каюмова – Светлана Липатова (Бейтарап атлет)/Евелина Линнеа Хултен (Швеция)
65 кг, 1/8 айналым:
Ирина Казюлина – Маниша (Үндістан)
72 кг, Жәмилә Бақбергенова – Эмилия Крекуин (Молдова)
Әйелдер арасында жарыс 29 қазанда, ерлердің белдесулері 30 қазанда басталады.