28.10.2024, 17:30
Оқылды: 118

Оралда Еріктілер кеңесінің мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады

«Қоғамда өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру мақсатында еріктілер игі іс-шара өткізді», деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

WhatsApp Image 2024-10-21 at 12.41.14 (1)

«Отаның берік болса жау алмайды» деп Отанын қорғап, елі үшін ерлік көрсетіп соғысқа қатысқан, Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Сколенконың мерейлі 100 жасқа толуына орай құттықтау шарасы өткізіліп, естелік сыйлықтар табысталды.

«Аталмыш шараға еріктілер және мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Өз кезегінде Еріктілер кеңесін құрудың негізгі мақсаты – әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ынтымақтастыққа, өзара көмек пен қайырымдылыққа бағытталған еріктілер қозғалысына қатысуға дайын адамдардың қатарына мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және оның қоғамдағы имиджін қалыптастыру саналады», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале