Қайырымдылық айлығы аясындағы іс-шаралар легі әлі де жалғасын тауып жатыр.
Бүгін аудандық қоғамдық бірлестік өкілдері, атап айтар болсақ, ардагерлер қоғамдық бірлестігі, «Нарын шуағы», «Бөкей ордасы білім саласы ардагерлері» және «Нарын жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшілері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне арнайы барып, азық-түлік себеттерін ұсынды.
Еске салсақ, аталмыш бірлестіктің өкілдері өткен жолы да мұқтаж жанұяларға көмек қолын созып, жағдайларын білген еді.
Нұрай Таубай
Бөкей ордасы ауданы