30.10.2024, 10:00
Оқылды: 42

Соңғы төрт жыл ішінде 12 мыңнан астам қазақстандық ұлтын өзгерткен

Ресми ақпаратқа сәйкес, қазақстандықтардың көбі ұлтын «орыстан» «неміске», «өзбектен» «қазаққа», «орыстан» «украинға», «украиннан» «орысқа» және «орыстан» «қазаққа» ауыстырған. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

IMG_0284

Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қазақстан азаматының ұлты әртүрлі болған жағдайда баланың қалауы бойынша әкесі не анасының ұлтына сәйкес айқындалады. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес әркім өзінің ұлттық, партиялық және діни ұстанымын айқындауға және көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале