Бөкей ордасы ауданына қарасты Мұратсай ауылына 18 км кірме жолға қатқыл қабаты төселіп, бүгін асфальт төсеу жұмыстары басталды.
Ауыл әкімшілікпен бірлесіп ауылдың жанашыр азаматтары мен қоғам белсенділері жұмыстың сапасын қарады.
Естеріңізге сала кетсек, он сегіз шақырым жолдың мехнатын мұратсайлықтар аудан, облыс әкімінің есептік кездесулерінде мәселе ғып көтерген еді. Күні кеше ауыл ақсақалы Шәпен Дүйсенғалиев ауданымызға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің назарына дәл осы мәселені ұсынған еді.
- Балаларымыздың ҰБТ-ға көк трактормен барғаны әлеуметтік желіге тарап, көптің аузында жүрді. Жаз өтіп, күз басталды. Сол жағдай биыл да қайталана ма деп уайым қыламыз. Ең болмаса, қиыршық , - деп Шәпен атамыз көптің көкейінде жүрген сұрақты қойған еді. Өңір басшысы бұл мәселені назарда ұстайтынын айтып сендірген-ді.
Айтпақшы, жол құрылысына "Теміржол жөндеу" ЖШС жауапты.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы