4.11.2024, 9:15
Оқылды: 42

Қазір мемлекеттік қызметте 8 мыңнан астам вакансия бар

Қазір мемлекеттік қызметте 8 мыңнан астам вакансия бар. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

ЖП Әкімат

Яғни сектордағы бүкіл штаттың 9 пайызға жуығы (8,8%) бос тұр деген сөз. Әрі бұл көрсеткіш тұрақты. Үнемі, шамамен, 7-8 мың штат орны қаңырап тұрады. Неге маман бармайды?  

Мемлекеттік қызметке адам тарту үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі көп жұмыс атқарып, бірнеше жылдан бері Президенттің жас кадрлар резервін жасақтап келеді. Оған осы аралықта 400 маман мүше болған. Ал өтініш бергендер он мыңдап саналады.  

Биылдан бастап өңірлердің де сондай резерві қалыптасты. 505 жас іріктеліп алыныпты. Оған да өтініш бергендер саны 11 жарым мыңға дейін жеткен. 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале