4.11.2024, 15:45
Оқылды: 37

Қазақстанда дәнді дақылдарды терең өңдеу жобаларын қытайлық инвесторлар жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Қытайлық инвесторлар Қазақстанда тиамулин мен тағамдық қоспалар өндірісіне қызығушылық танытты. Ол үшін республикада дәнді дақылдарды, оның ішінде жүгеріні терең өңдеу бойынша кәсіпорындар салынады. Бұл туралы «Kazakh Invest» компаниясының басшылығы хабарлады, деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.

IMG_0731

Сурет: Үкімет

«Қытайлық компаниялардың бірі бізде тиамулин өндіру үшін жүгеріні терең өңдеу зауытын салуға дайын. Бұл мал шаруашылығында қолданылатын танымал дәрі. Кейіннен өнімді әлемдік нарықтарға, оның ішінде Қытайға экспорттау жоспарлануда. Сондай-ақ біз астықты терең өңдеумен айналысатын компаниямен келістік. Оның басшылығы Ақмола облысында түрлі тағамдық қоспалар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр. Инвестиция сомасын қытай тарапы $650 млн көлемінде қамтамасыз етеді», — деп атап өтті «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале