4.11.2024, 21:00
Оқылды: 462

Жәнібектіктер аударыспақтан қалалық турнирде топ жарды

Орал қаласының әкімдігі, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аударыспақтан 2007-2009 жылы және 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық қалалық турнир өтіп, ұлттық спорт ұлықталған болатын.
image-04-11-24-04-56-1
Аталған турнирге Жәнібек ауданының аударыспақшылары да қатысты.
​
Жәнібек ауданы құрамасы командалық есепте көш бастады. Ендеше, таныс болыңыздар!
+42 келі салмақ дәрежесінде: 1-орын Нұртас Қайрат, 2-орын Арлан Ахмухан, 3-орын Айқын, Мералиев
​+48 келі салмақ дәрежесінде: 2-орын Жангелді Ерболат
+54 келі салмақ дәрежесінде: 1-орын Ақниет Бақтығали, 3-орын Ерасыл Болат,
+65 келі салмақ дәрежесінде: 1-орын Дияс Рысалы, 2007-2009 жылғы жасөспірімдер арасында
+42 келі салмақ дәрежесінде: 2-орын Аян Рафхат, 3-орын Азат Тайыр
+48 келі салмақ дәрежесінде: 2-орын Мират Кежебекұлы, 3-орын Рамазан Бақтығали
+54 келі салмақ дәрежесінде: 1-орын Талғат Есім
+59 келі салмақ дәрежесінде: 3-орын Нұрғазы Жайлыбай, 65 келі салмақ дәрежесінде: 3-орын Ансар Саматұлы
+71 келі салмақ дәрежесінде: 2-орын Жайдар Нұрыш, 82 келі салмақ дәрежесінде: 2-орын Рахман Ақылбек
image-04-11-24-04-56-3
​Осындай салмақ дәрежесінде жүлдегер атанған әр қатысушыға «Орал» спорт клубынан арнайы диплом, медаль мен сыйлықтар табысталды.
​
Жаттықтырушы Бейбіт Ароновтың еңбегін де атап өткен жөн. Айта кету керек, Орал қаласына ат апаруға демеуші болған жандар: Маралбек Абдиров (Борсы ауылы), Абай Жұмақұлов (Ақоба), Дархан Зайнуллин, Нұрзат Бексейітов (екеуі де Тау ауылынан).
Бану Самат
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале