6.11.2024, 10:30
Оқылды: 93

Медицинадағы ЖИ: диагностика бойынша қазақстандық Cerebra AI стартапы Шанхайдағы көрмеде таныстырылды

IMG_0897

Сурет: Үкімет

КТ-түсірілім бойынша инсульт белгілерін анықтау үшін инновациялық шешімдерді әзірлеуші Қазақстандық Cerebra AI компаниясы шетелдік нарықтарда да, елімізде де қызметін кеңейтуді жалғастыруда. 47 қазақстандық инсульт орталығында бағдарламалық қамтамасыз етуді 700-ден астам нейрохирург пен невропатолог белсенді пайдаланады. Технология Өзбекстан мен Сауд Арабиясының ауруханаларында да енгізілген. Компания медициналық деректерді жинау және өңдеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жоспарларға басымдық беріп отыр. Бұл үшін Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесі ерекше тұғыр болды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

«Қытай – біз үшін стратегиялық маңызды нарық. Біз мұнда жергілікті компаниялармен танысуға, өнімімізді көрсетуге әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға келдік. Қытай технологияларды әзірлеу саласында көш бастап тұр. Сол себепті біз мұнда тәжірибе алмасып, бизнесіміздің көкжиегін кеңейте алатынымызға сенімдіміз», — деп атап өтті Cerebra AI компаниясының директоры Арман Оспанов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале