Көктайғақ, бұрқасын, жел: 6 қарашаға ауа райы болжамы қандай? Бұл жөнінде Ұлттық арна жазды.
Астанада көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде жаңбыр, қар күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады.
Алматы қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 23 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел екпіні 23 м/с.
Ақтөбе және Қостанай облысында көктайғақ, қар жауып, бұрқасын соғады.
Қызылорда облысында күші 23-28 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан және Абай облысында қатты жаңбыр жауып, тұман, көктайғақ болады. Жел екпіні 23-28 м/с.
Ұлытау облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі, екпіні 23-28 м/с жел соғады.
Атырау облысында бұрқасын, көктайғақ, жел екпіні 18-23 м/с жетеді.
Қарағанды облысында бұрқасын күтіледі. Жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ақмола облысында және Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күші 23-28 м/с жел соғуы мүмкін.