6.11.2024, 17:30
Оқылды: 107

Студенттерге МӘМС жүйесі бойынша қолжетімді медициналық қызметтер туралы түсіндірілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Батыс Қазақстан облыстық филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің қызметкерлері жоспарға сай оқу ордаларында түсіндіру жұмысын жүргізді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

2289bddd-a536-4639-bf54-3b6127e122a1

«МӘМС жүйесіндегі балалар» тақырыбы таңдалған кездесуде сала мамандары медициналық сақтандыруға байланысты студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Жиынға қатысқан колледж ұжымы мен студенттер МӘМС жүйесінде сақтандырылу және мәртебені тексеру жолдары мен қормен кері байланыс арналары туралы білді.

Сонымен қатар МӘМС аясында қолжетімді медициналық қызмет түрлерінен мәлімет берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале