7.11.2024, 10:45
Оқылды: 207

Бүгін балалар ақыны Мүбәрәк Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толды

Мүбәрәк Жаманбалинов Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің Ертіс ауданындағы меншікті тілшісі болған. Әдебиетке елуінші жылдардан араласты. «Айна бұлақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1956 жылы жарық көрді. Содан бері бірнеше жыр жинағын шығарып, балалар ақыны ретінде танылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

IMG_1022

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Өлеңдері қырғыз, түрікмен, өзбек, латын тілдеріне аударылған.

Шығармалары: «Сәлем», «Ертіс лебі», «Кішкене достарға», «Менің інім», «Батыр ұстаз», «Қаламгер» өлеңдері табиғатқа, жыл мезгілдеріне, анасына, ұстазына, оқуға байланысты болып жазылған.

Ақын 1987 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағына ие болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале