8.11.2024, 9:30
Оқылды: 48

Таразда жекеменшік мектеп жабылып, 250 оқушы құжатсыз қалды

Оқушылардың барып жүрген мектебі бір аптадан бері жабық. Өйткені тамызда балаларды қабылдаған орталықтың оқу ісін жүргізуге құқық беретін құжаты болмай шыққан. Мұны білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті анықтады. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Мектеп ЖП / Гүлмира С.С

Жеке мектепке 10, 11-сынып оқушылары құжат өткізген. Ал балаларын ақы төлеп оқытып келген ата-аналар алдандық, деп отыр. Тіпті мемлекеттік мектепке ауыстыра алмай әлек. Өйткені орталық оқушыларға бірінші тоқсанды аяқтағаны жайлы табель толтырып бермеген.

Наразы жұрт құжатта қиындық барын не орталық, не білім бөлімі ертерек ескертпеді, дейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале