9.11.2024, 12:01
Оқылды: 99

Казталовта өткен жиында «газель» автокөлігін жаңа автобусқа ауыстыру мәселесі қаралды

Казталов ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Казталов-Орал бағытында қатынайтын «Газель» автокөлігін жаңа автобусқа ауыстыру мәселесіне қатысты жиын өтті.

image-08-11-24-09-05

Жиынға БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары баскармасының, жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Айгүл Отарғалиева, аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеев, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Аронов, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, ардагерлер, автокөлік жүргізушілері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында Казталов-Орал бағытында қатынайтын «Газель» автокөлігін жаңа автобусқа ауыстыру, жолаушылар күтіп отыратын аялдама мәселесі талқыланды.

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары баскармасының, жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Айгүл Отарғалиева қосалқы бөлшектердің шетелден келуіне байланысты Казталов-Орал бағытында қатынайтын «Газель» автокөлігін жаңа автобусқа ауыстыру мәселесін алдағы жылға қалғанын және ауыл тұрғындарының айтқан өтініштерін ескеріп, алдағы уақытта шешуге тырысатынын жеткізді.

Мейірім Парасат 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале