9.11.2024, 14:30
Оқылды: 32

Ақтөбе облысында тікұшақ апатқа ұшырады

Бүгін, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының ауданында тікұшақтың қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Бұл туралы  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

1c59b68e19a57b0f73b131e4d40a88f8_1280x720Сурет Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтынан алынды

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды.

Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.

4e2d7e6c960fc935ce402056b483dc52_1280x720

Оқиға туралы ақпарат нақтылануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале