10.11.2024, 16:00
Оқылды: 91

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияда өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

IMG-20241110-WA0048Сурет: ҰОК

Ол 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды.

Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынды иеленген еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале