Бүгін аудан әкімдігінде мәслихат төрағасы Қамбар Қаменовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың ХХІІ кезектен тыс сессия отырысы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, 11 аудандық мәслихат депутаты, округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудан бойынша атқарылуы тиіс 8 мәселе қаралды. Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №13-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және ауданның 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекіту туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов сөз алса, ауданымыз бойынша коммуналдық қалдықтарды басқармасын бектіу жөнінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абат Ишанов баян еткен соң мәслихат депутаты Қобылан Мұқамбетқалиев Абат Тимурұлынан аудан орталығында сатылатын дизельдік отынның бағасын қадағалауды сұрады.
Келесі боп аудандық қала сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Нұрберген Берікұлы ауданымызға қарасты Жангелді, Сарыкөл, Мұқыр, Жуалыой елді мекендерінің оңайлатылған Бас жоспарын бекітуді сұраса, аудандық мәслихатының «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 қазандағы №10-5 шешіміне өзгеріс енгізу жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.у.а Дәурен Жарасов хабарлады. Шешім депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz