17.11.2024, 9:30
Оқылды: 109

Переметный ауылына «Жастар керуені» келді

«Жастар керуені» Переметный ауылына келіп, бәйтеректік жастармен кездесті.

IMG-20241116-WA0029
Облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қоры ұйымдастырған іс-шара жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, олармен ой бөлісіп, пікірлесуді мақсат тұтады.

IMG-20241116-WA0030
- Жоба аясында ҚР Президентінің Жолдауларын, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» секілді мақалаларын жастар арасында түсіндіру жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіру бойынша ауыл жастарынан ұсыныстар жиналуда. Аудандарда жастармен түрлі кездесулер ұйымдастырылып жүрген соң жастар жергілікті азаматтарды көре-көре көздері үйренеді. Ал біздермен алғаш рет жүздесіп тұрған соң көзқарастары басқа болады. Ішінде айта алмай жүрген сауалдарын жолдауы мүмкін. Сөйтіп жастарды толғандырған өзекті мәселелер тыңдалып, соған сәйкес біздің тренерлер тарапынан жауаптар беріліп, оларға қолдау көрсету және болашаққа сенімділікпен қарауға бағытында әңгімелер айтылады. Жалпы кездесулерде ұлттық құндылық, кәсіпкерлік, отбасы, тәрбие және т.б. тақырыптарда ақпарат берілуде, - деді Ғылыми зерттеулерді қолдау қорының төрағасы Айболат Құрымбаев.

IMG-20241116-WA0033

Іс-шара барысында елордадан арнайы келген жерлесіміз Әлішер Ғұмаров бейнеграфия, Светлана Тенишева алғашқы медициналық көмек көрсету, Айболат Құрымбаев волонтерлық іс, Светлана Дүйсенбаева салт-дәстүр, отбасылық тәрбие бойынша тренингтер өткізді.

IMG-20241116-WA0032
Айта кетейік, «Жастар керуені» 11-27 қараша аралығында өңіріміздің барлық ауданында болып, 1300-ге жуық жаспен кездесуді жоспарлап отыр.

Серік Маратұлы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале