18.11.2024, 12:15
Оқылды: 69

МӘМС есебінен жоспарлы ота жасалды

Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Дәурен Кукеновтің ұйымдастыруымен, хирург Азамат Дияровтың жетекшілік етуімен жаңақалалық тұрғынға МӘМС есебінен жоспарлы ота жасалды. Бұл туралы Жаңақала аудандық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.

8eb6e555-2477-431d-a27f-d9a8788504bf

 Фото: Жаңақала аудандық ауруханасының баспасөз қызметінен

Шағымдар мен аурудың тарихын, объективті, УЗИ тексерулерді және зертхананың мәліметтері бойынша өт тас ауруы диагнозы қойылған. Істлеген отаның түрі - лапаротомия, холецистэктомия.

Науқас жоспарлы операциялық емдеуге жатқызылып, отадан сәтті өтті.

Қазір науқас палатаға ауыстырылып, тұрақты емін қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты.

Ота жасаған құрамда хирург Оркен Адиетов, ассистент хирург  Азамат Дияров, анестезиолог-реаниматолог Ахатжан Асанханов, анестезист Қожамберді Жумагелдин, операциялық мейірбике Гулбану Ерланова, санитарлық тазалықшы Күнсұлу Махметова бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале