19.11.2024, 23:55
Оқылды: 58

Бәйтерек ауданы әкімі переметныйлықтармен кездесті

Биылғы көктемгі су тасқыны переметныйлықтарды да біраз әбігерге салды. Алдағы жылы мұндай жағдайды алдын алу мақсатында Бәйтерек ауданы орталығында біраз іс-шаралар қолға алынған. Бұл туралы өзінің есебінде Переметный ауылдық округінің әкімі Алексей Герасимов баяндады.

IMG-20241119-WA0029
​Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда Калинин ауылындағы бөгет нықталған. Қазіргі таңда Переметный мен Калинин ауылдарындағы жалпы ұзындығы 2842 метр болатын су арықтары тазартылып, тереңдетілген. Қаражар мен Поливное ауылдарындағы Деркөл өзені бойында орналсқан плотиналар қалпына келтірілді.

IMG-20241119-WA0026
​- Жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, аудан орталығының тұрғындары тұтынатын негізгі 65 түрлі тағамның тек 15-і ғана өзімізде өндіріледі. Қалғаны өзге жақтан келеді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы біздің осынау олқылықты жоюға мүмкіндігіміз бар. Былтыр ауылдық округымызда аталмыш бағдарлама аясында 73,4 млн теңгеге 11 жоба жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары құрылып, ӘКК ұйымдастырылды. ӘКК өнімдері бүгіндері аудан орталығындағы және қаладағы сауда орындарда сатылуда. Биыл бағдарлама аясында мал шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік бағыттары бойынша 6 өтінім қолдау тапты, - деді Алексей Викторович.

IMG-20241119-WA0027
​Кездесу барысында переметныйлықтар ауылішілік жолдарды жөндеу, тұрмыстық қалдықтарды уақтылы жинау, тозған электр бағдарын ауыстыру жайында сұрақтар қойып, оларға аудан және ауылдық округ әкімдері нақты жауап берді.

Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале