20.11.2024, 23:49
Оқылды: 26

Жаңақалалық «Ақ әжелер» ансамбліне 10 жыл толды

Бүгін Жаңақала ауданына қарасты Бірлік ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ақ әжелер» ансамблінің 10 жылдық мерейтойының есеп беру кеші өтті.

b3f96ade-ff27-4deb-9baf-1156f4bbcd56

Аталмыш ансамбль ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Сәуле Қасымқызының жетекшілігімен құрылып, алғаш болып Зәуреш, Сара әжелерімізден бастау алған. Қазіргі күні құрамы 14 мүшеге жеткен халықтың сүйікті ұжымына айналып отыр.

fa65049f-227d-4d04-8628-a2d1d4b29929

Алдымен келген қонақтарға «Ақтұмар» келіндер ансамблі ата дәстүріміз бойынша бауырсақ пен ақтан дәм татқызып, сәлемін салып, жылы шыраймен қарсылап алды. Әрі қарай кешті бастау үшін «Қуаныш жалғассын, дәм-дәнекер болсын!» деп әжелеріміз шашу шашты. Одан кейін алғысөзді ауыл әкімі Ерболат Қуанышұлы алып, игі тілегін білдірді. Мерейтойға аудан орталығынан арнайы келген халықтық «Айзере» әжелер ансамблі сазды құттықтауларын жолдады.

Кештің басты қонақтары тізгінді өз қолдарына алып, сазгер-сырнайшы Ерлан Нұрғазыұлының сүйемелдеуімен халықтың және қазақ сазгерлерінің әндерінен орындап, тыңдарманның қошеметіне бөленді.

3818a1bb-515c-4672-a47a-07f744f9ac0c

Шара барысында мәдениет үйінің өнерпаздары мерейтойға атсалысып, аяулы аналарымызға арналған әсем әуендерінен шырқады. Кеш соңында аудандық мәдени-демалыс орталығының басшысы Мұхит Батырханұлы құттықтау сөзін алып, аудан әкімі атынан әжелерімізге алғыс хат табыс етті. Ұлттық нақышта сахнаға сән берген, көрерменге әр берген, тыңдаушыға нәр берген ақ кимешек киген әжелеріміз аман болсын!

Фариза Эдикқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале