21.11.2024, 9:45
Оқылды: 83

Мәдениет және ақпарат министрлігі umarovnews.kz интернет-басылымының журналисіне құқығын қорғауда қолдау көрсетуге дайын

Орал қаласында сот отырысы кезінде адам өлтіру ісі бойынша айыпталушының әкесі сот залында umarovnews.kz интернет-басылымының журналисі Талғат Омаровқа қол жұмсаған. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

IMG_2456

Сурет: freepik.com

«Болған оқиғаға байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Талғат Омаровтың құқықтарын қорғауда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдейді. Бұл көмек адвокат ұсынуды және қажетті құқықтық қолдау көрсетуді де қамтиды.

Сондай-ақ, министрлік заңды журналистік қызметке кедергі келтірудің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Бұл жағдай журналистің заңды кәсіби қызметін шектеу және қоғам мүддесі үшін жұмыс істейтін журналистердің құқықтарын өрескел бұзу саналады.

Сот процестеріне қатысушылардың барлығы заң талаптарын сақтап, журналистердің құқықтарын құрметтеуі тиіс», - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале