21.11.2024, 15:15
Оқылды: 55

Жаңақалада аппараттық кеңес отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кезекті аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы мен ауылдық округ әкімдері және барлық дербес бөлім басшылары қатысты.
image-21-11-24-01-22
Күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталмас бұрын, басшылық лауазымына орналасқан жаңа тағайындаулармен таныстыра өтіп, жұмыс уақытына сәттілік тіледі. Содан соң қыс мезгіліне дайындық барысы мен мал азығы, жолды күтіп ұстау және төтенше жағдайларға дайындық жөнінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абат Ишанов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының м.у.а Қайрат Мағзомов баяндама жасап, қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауап бере кетті.
Айта кетсек, аудан көлемінде қазіргі таңда 409 қыстақ бар. Қыс мезгіліндегі мал азығына жалпы дайындық 97 пайызды құрайды. Жауын-шашынның жоқтығы мен киік мәселесі бойынша зардап шеккен ауылдар да бар.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – ветеринария саласы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық ветеринарлық станциясының басшысы Мейрамбек Қадырбеков ақпараттандырып, залалсыздандыру, қаңғыбас ит пен мысықтарды ату, екпе жасау, есепке алынған немесе тіркелмеген малдар жөнінде хабарлады. Бірлік ауылдық округі әкімі Ерболат Жақашев іс-сапарындағы қызықты әсерімен бөлісіп, «Родина» агрофирмасы ЖШС-нің тәжірибесін өңірлерде тарату бойынша ақпараттандырып, сүт және ет өнімдерін шығаратын аталмыш орынның табиғаты мен кәсіптері жөнінде баяндады.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале