23.11.2024, 10:00
Оқылды: 15

Казталов ауданы: «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 4 адам несие алып, кәсібін бастады

21 қараша күні аудан әкімі Асланбек Сарқұлов бекітілген жоспарға сәйкес Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жаңажолдықтар жиында білім саласы, инфрақұрылымды дамыту, ауыз су мәселесіне қатысты сауалдарын қойып, бірқатар мәселелерді көтерді.

photo-output

Жаңажолдағы жиында күн тәртібіне сәйкес округ әкімі Арман Алдабергенов жыл басынан бері округте атқарылған жұмыстарды баяндаса, аудандық мәслихат депутаты Ерназар Хамзиннің есебі тыңдалды және бөлім және мекеме басшылары салалық бағдарламалар мен жобалар жөнінде кеңінен мәлімет берді. Округ әкімінің сөзіне сүйенсек, округте кәсібін бастап, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатары артқан.

— Жаңажол ауылдық округі бойынша тіркелген жұмыссыздар саны – 57 адам, 2024 жылдың 4 тоқсанында АӘК алушылар саны – 4 адам және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 209 адам. «Ауыл аманаты» жобасына 4 ауыл тұрғыны ниет білдіріп, округтегі мал шаруашылығы, құс шаруашылығының дамуына үлес қосып отыр. Сонымен қатар бір азамат аталған бағдарлама арқылы пластикалық терезелер шығару өндірісін қолға алды, — делі Арман Болатұлы.

FB_IMG_1732283840212

Қазіргі таңда округте 6 екі пәтерлі тұрғын үй салынуда. Бұл баспаналар округтегі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға және «Қаладан ауылға» бағдарламасы арқылы көшіп келуге ниетті отбасыларға беріледі деп жоспарлануда. Бұдан бөлек Көмекші елді-мекеніне техникалық су тарту Әбіш елді-мекеніне ұялы байланыс мұнарасын орнату, Жаңажол ауылындағы саябақты қоршау, ауылға техникалық су тарту, шағын мал сою цехын ашу, жаяу жүргіншілер жолдар салу жұмыстары да жоспарланып отыр.

Кездесуде тұрғындар электр желілерін қалпына келтіру және округке электрик мамандығына штат ашу, жаяу жүргінші жолдарын салу жұмыстарының сапасын бақылау, ауылға техникалық су тарту, байланыс сапасын жақсарту және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Асланбек Ахметоллаұлы халыққа кездесуде көтерілген мәселелер бойынша іс-шаралар жоспары жасақталатынын жеткізіп, тұрғындарды ауызбіршілікке шақырды.

— Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асуда. Сіздердің ұсыныстарыңыз ескерусіз қалмайды. Жиында көтерілген мәселелер бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, мүмкіндігімізге қарай әрекет ететін боламыз. Өйткені ауданымызда 16 ауылдық округ, 47 елді мекен бар. Әр ауылда кемінде бір жұмыс атқарылуы қажет. Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп тегін айтпаса керек. Бастысы ауызбіршілігіміз мықты болғанда ғана мақсатқа жететініміз анық, — деді аудан әкімі.

Аудан тұрғындарының округ тұрғындарымен кездесуіне аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудан прокруоры Бауыржан Молғалиев, салалық бөлім және мекеме басшылары қатысты.

FB_IMG_1732283855993

Жиын соңында аудан әкімі көпбалалы ана Жадыра Қосжановаға «Күміс алқа» наградасын табыстады. Сонымен қатар округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале