23.11.2024, 16:00
Оқылды: 13

Сырым ауданында Бауыржан Халиолла атындағы сынып ашылды

Бүгін Сырым ауданында ақын Бауыржан Халиолланың мерейлі 45 жасына орай мәдени-көпшілік шаралар өтіп жатыр.

IMG_6318

Бауыржан Халиолла – Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Бауыржан 2000 жылдары айтыс сахнасында шындықтың жүзіндей жарқ етті. Өлеңдегі өткірлігі, өтірігі жоқ өмірі үшін оған халық «Қазақ айтысының қайқы қылышы» деген ат берді. Толғаулары ел ауызында жүр.

IMG_6340

Ақын тойы мектеп оқушылары арасындағы «Өлең сенсің жалқы сырлас, жолдасым!» атты аудандық І Бауыржан оқуларымен басталды. 30-ға тарта оқушы Бауыржан өлеңдерін жатқа оқып, жарысуда.

Бүгін туған жері Қособағы мектепте Бауыржан Халиолла атындағы қазақ тілі мен әдебиеті сыныбы ашылды. Бастамашы – Жүрсін Ерман атындағы айтыс мектебі.

IMG_6342

Сыныптың салтанатты тұсаужібін ақын, “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Айтқали Нәріков пен ақынның алғашқы ұстазы Бақыт Сейітжанова кесті.

Түс ауа Жымпитыда айтыс дүлдүлінің құрметіне жаппай көкпар өтеді. Ақынның даңқын тұлпарлар дүбірі көтереді.
Күн аудандық мәдениет үйіндегі бенефис-шоумен қорытындыланады.

Б. Шерім
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале