25.11.2024, 16:30
Оқылды: 14

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

IMG_2928

Сурет: Ақорда

Светлана Жақыпова:

• еліміздегі әлеумет және еңбек салаларын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі мен алдағы жоспары жөнінде ақпарат берді:

      – атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін ұсынды. Бұл шаралар әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырып, көмектің тиісті азаматтарға дәл жетуін көздейді;

      – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды лицензиялау жүйесі енгізіледі. Бұл мақсатта кәсіби стандарттар мен оқыту модульдері әзірленген;

      – 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында мүгедектіктің әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне көшу енгізіліп жатыр;

• халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жөнінде баяндады:

      – биыл 804 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Олардың ішінде 200 мыңнан астамы жастар. Ал 9 мыңға жуық азамат, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін грант алған;

• сапалы жоспарлау мен мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген «Жобалардың инновациялық навигаторы» қанатқақты жобасы туралы айтты:

      – аталған жүйе мамандарға деген сұранысты талдап, болжайды, сондай-ақ жобалардың тиімділігіне мониторинг жасап, сапасын қадағалайды және үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      – платформа қазірдің өзінде жалпы құны 33 триллион теңге болатын 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оны жүзеге асыру аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған;

      – навигатор қажетті еңбек ресурстары жоқ жауапсыз мердігерлерді анықтауға да мүмкіндік береді;

• еңбек жанжалдарының алдын алуға көмектесетін Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының жұмысына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатты жетілдіру және әлеуметтік және еңбек салаларындағы шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале