27.11.2024, 15:46
Оқылды: 13

Тасқалада «Tasqala jastary» фестивалі өтті

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Tasqala jastary» фестивалі өтті. Ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез және аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымова сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

фестиваль (2)

«Осымен екінші рет жалауын көтеріп отырған жастар фестиваліне қош келдіңіздер. Аудан жастарының ішінен талантты жастарды тауып, оларды сахнаның төрінен көруге бағытталған аталмыш шараның мақсаты мол. «Ел іші – өнер кеніші» демекші, өнерге бейім оқушыларымыздың бағын ашып сіздердің алдарыңызда қабілеттерін бірге тамашалайық. Ал әділқазылар алқасы әділ бағасын беріп, шын мықтыларды алға шығарсын. Ұйымдастырушыларға мың алғыс», - деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез.

Кеш жүргізушісі Рүстем Әділханов сахнаға шығып, фестивальге жиналған жастарды ұйымшылдыққа шақырды. Тасқала ауданы оқу орындарының арасында ұйымдастырылып отырған «Tasqala jastary» шығармашылық фестивалінің финалдық ойыны өтті.

фестиваль (6)

Фестиваль бойынша мәлімет берер болсақ, 19, 20, 21 қараша күндері іріктеу кезеңдері өткізілген болатын. Қазылар алқасының көңілінен шыққан үздік 4 команда бүгін алдарыңызда өз өнерлерін көрсетуде. Аталған командалар 8 аталым бойынша бақтарын сынап көрді. «Ән аталымы» бойынша екіге бөлініп сынға түсті. Алғашқы қатысушы халық әнін немесе патриоттық бағыттағы әндерді жалпы қазақ тілінде орындауы шарт және екіншісі заманауи, өзінің қалаған тілінде заманға сай ән орындайды. «Үздік Конферансье» яғни жүргізуші. Бұл кезде жүргізушілердің сахна мәдениеті бағаланатын болады. Үшіншісі «Хореография». Бұл аталымда екіге бөлініп, қазылардың талқысына түсті. Қазақтың ұлттық биі мен қазіргі заманғы би түрі бойынша сайысты. «Көркем сөз оқу шебері», «Үздік жайдарман тобы» және «Үздік бейнеролик» секілді кезеңдерде сайыстың көрігін қыздырды. Аталған кезеңдер бойынша бақ сынасатын, финалға жолдама алған үздік мектеп оқушыларыбиыл алғашқы рет финалда және алғашқы боп сахнада өнер көрсетті. Амангелді мектеп-бөбекжай балабақша кешені, фестивальдің алғашқы чемпионы, осы жылы да чемпиондыққа ие боламыз деген үлкен үміт пен тыңғылықты дайындықпен келген Оян мектеп-бөбекжай балабақша кешені, бұл командаға фестивальдің финалдық кезеңі таңсық емес. Мерей жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларды өз өнерлерін ортаға салып көрерменнің қошеметіне бөлене білді. Жәнефестивалді аяқтайтын өткен жылдың қола жүлдегері Ақтау мектеп-бөбекжай балабақша кешенінің командасы да бар өнерін ортаға салды.

фестиваль (3)

Осы командаларды бағалайтын әділқазы алқасының құрамында ақын, аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі – Лұқпан Меңдібек Нұрболатұлы, жайдарманшы, стендап-комик, Карантино продакшн резиденті Сисенғалиев Аслан Махамбетұлы, облыстық халық шығармашылығы орталығының маманы Рахметов Абдул Ғабитұлы, халықтық «Ақжайық» би ансамблінің жетекшісі, ҚР тұңғыш Президент қорының лауреаты және медалі иегері, өнер саласының үздігі, БҚО-ның үздік мәдениет қызметкері, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Давлетова Асель Ерболатқызы, фестивальдің бас ұйымдастырушы, қазылар алқасының төрағасы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мирамбаев Жиенбай Наурызбайұлы қазылық етті.

Алғашқы фестивальдің шымылдығын Амангелді мектеп-бөбекжай балабақша кешенінің командасы ашты. Бұл команданың өзіне деген сенімділігі жоғары, өйткені ең алғашқы өткізілген фестивальдің чемпионы Оян мектеп-бөбекжай балабақша кешені командасыда өнер көрсетуден аянып қалған жоқ. Тағы да алдыңғы жылдың финалистері Мерей жалпы орта білім беретін мектебінің мықтыларыда сахна төрінен табылып, көрерменге керемет кеш сыйлады. Соңғы түйенің жүгі ауыр деген бар. Ал бұл команда көздерінде от жанып тұрған, жеңіске деген нық сеніммен келген Ақтау мектеп-бөбекжай балабақша кешенінің оқушыларыда өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жете білді.

фестиваль (1)

Сөйтіп Тасқала жастары фестивалі өз мәресіне жетті. Аталмыш «TASQALA JASTARY» шығармашылық фестивалі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Фестивальге 1000-ға жуық жас қатысты. Финалдық кезеңге 10 мектептің арасынан іріктеуден өткен төрт мектептің қатысушылары үздік конферансье, қазақ тіліндегі ән, заманауи бағыттағы ән, ұлттық би, заманауи би, үздік көркемсөз оқу шебері, жайдарман және үздік бейнеролик аталымдары бойынша бақ сынасып, нәтижесінде Мерей жалпы орта білім беру мектебі бас жүлдеге ие болса, Ақтау «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені бірінші орынды жеңіп алды.

Оян «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені мен Амангелді «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені екінші және үшінші орындарды иеленді. Сондай-ақ барлық мектеп ұжымдары мен аталмыш байқауға тыңғылықты дайындаған жетекшілер де ұйымдастырушылар атынан алғысхатпен марапатталды.

Темірболат Тоқмамбетов

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале