28.11.2024, 17:30
Оқылды: 8

Қаратөбеде Берқайыр Аманшиннің туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші өтті

Қаратөбеде ақын-драматург, аудармашы және белгілі Махамбеттанушы Берқайыр Аманшиннің туғанына 100 жыл толуына орай облыстық деңгейдегі еске алу кеші өтті.

IMG_9305

ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап, қазақ әдебиетінің дамуына өз үлесін қоса білген, шығармашылық мұрасы мол тұлғаның бірі – Берқайыр Аманшин. Оның сөз өнеріне деген сүйіспеншілігі мектептен басталып, бірте-бірте еліктеуден еркіндікке қанат қаққан. Ақындық арқылы  поэзия әлеміне  із  тастаса, проза арқылы  көркем сөзде өз орнын айқындаған.

Ал енді әдеби-сыни еңбектері осы саладағы талғам мен танымды қалыптастыруға елеулі үлес қосқан.

Берқайыр Сәлімұлы – шағын жанрдан бастап, повесть, роман жанрына қалам тербеп, шеберлік мектебінен өткен, уақытқа сай образдар сомдаған жазушы.

IMG_9253

Аталмыш іс-шара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінен бастау алды.

Келген меймандар мен Берқайыр Аманшиннің ұрпақтары, бауырлары мен туыстары және еске алу іс-шарасына қатысушыларды  аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Динара Мұзафарова Берқайыр Сәлімұлының шығармашылығына арналған – «Ұлы ғасырдың – ұлы перзенті»  атты кітап көрмесімен, аудандық М.Мералиев атындағы тарихи-өлке тану музейінің меңгерушісі – Жұлдыз Маширова музейде сақталған тарихи-деректері мен еңбектегі жетістіктері, марапаттары, отбасымен, замандастарымен, әріптестерімен түскен әркездердегі суреттері қойылған көрмемен таныстырды.

IMG_9350

Мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары «Махамбеттің соңғы сапары» романынан үзінді бейнеледі. Еске алу іс-шарасына қатысушы жұршылық алдында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Махамбет» трагедияларын сомдаушы, актер, ақын, жерлесіміз Қуаныш  Амандықов аталмыш романнан үзінді монолог оқыды.

Еске алу іс-шарасына аудан әкіміҚадыржан Сүйеуғалиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Меңдешов, БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Зейнолла Мүтиев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің доценті, Филология ғылымдарының докторы, жерлесіміз Ғабит Хасанов, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Ерен еңбегі» үшін медалінің және «Құрмет орденінің» иегері, жерлесіміз Жаңабек Жақсығалиев, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары  Ұрқия Жиеналиева, жерлесіміз, актер, ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Махамбет образын үздік сомдаушы Қуаныш Амандықов, Берқайыр Аманшиннің бауырлары Кенжеғали, Жұмағали-Алма, Гүлжихан Аманшиндер және туысы Бақытжан Жүсіпқали қатысты.

IMG_9351

Іс-шараның алғашқы сөз кезегі аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев пен Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және  архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Камбетовке ұсынылды.

– Қадірлі іс-шараға қатысушы қонақтар, құт дарып, кие қонған қасиетті Қаратөбе ауданына қош келдіңіздер! Бүгін біз Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Б.Аманшиннің 100 жылдығын атап өту үшін жиналып отырмыз. Қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Б.Аманшин халқымыздың тарихын, ұлттың болмысын терең зерттеді. Ұлттық дәстүрімізді, мәдениетімізді қорғады. Халқымыздың мәдениеті мен әдебиетіне зор үлес қосты. Ол өткен ғасырдың  ұлы тұлғасы ғана емес, бүгінгі күннің тарихы, мәдени мұрасы, - деді алғашқы сөз кезегін алған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

IMG_9259

Кітапханашы Ақбота Ерланқызы ақын Ғафу Қайырбековтің  Б.Аманшинге арнаған «Еске алу» өлеңін мәнерлеп оқыды.

Кеш қонақтары – Зейнолла Жақсылықұлы, Ғабит Қайыржанұлы, Жаңабек Жаңабайұлы, Қуаныш Сайлауұлы ғылыми тұрғыда Берқайыр Сәлімұлының шығармашылығы турасында өз пікірлерін ортаға салып, әңгіме өрбітті.

Берқайыр Аманшин – ақын ретінде өзі өмір сүрген кезеңдегі тіршілік тынысын, елдің өткен жолдарын, патриотизмнің үлгісін көрсете білген үлкен жүректі адамдардың қаһармандық ерлігін, қарапайым адамның Отанға деген адалдығын, туған жердің табиғатын  көркемдікпен суреттеп, ақындық шабытпен жырлай білген. Ол осынау жорық жырларын жаза жүріп, аудармамен айналысқан. Ақынжолдасы Жәмбиге арнап өлең  жазған. Жолдасы Жәмби Гурьевтің қызы болғандықтан әнін «Гурьевтегі Гөзәл қыз» деп атаған.

IMG_9354

Еске алу кеші барысында сөзі: Берқайыр Аманшиннің, әні: жерлес әнші, компазитор Мұхамедияр Нысановтың «Гурьевтегі Гөзәл қыз» әнін ауданымыздың көркем өнерпаздары «Арын» тобы орындап, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шара барысында сөз алған Б.Аманшиннің бауыры Кенжеғали Аманшин еске алу  іс-шарасын ұйымдастырушыларға зор алғысын айтып, 15 қарашада  аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен ақын Берқайыр Аманшиннің туғанына 100 жыл толуына орай  оқырмандар арасында «Жан-жақты дарын, қарымды қаламгер» тақырыбында өткен аудандық байқауға қатысқан бір топ оқушыларға ағаның ұрпақтары атынан сыйлықтар табыстады.

Ерболат Мырзағұлұлы

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале