29.11.2024, 12:15
Оқылды: 18

Тасқалада комиссия отырысы өтті

Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рауан Рахметуллиннің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

комиссия отырысы (2)

Оған ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде Ақтау, Достық ауылдық округі әкімдері мен аудандық білім беру мекемелеріндегі ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қолдану аясы мен ескірген мемлекеттік рәміздерді ауыстыру, насихаттау жөніндегі атқарылған шаралар туралы есебі тыңдалды.

комиссия отырысы (4)

Содан соң аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қолдану аясына жүргізілген мониторинг, сондай-ақ хаттамалық шешімнің орындалуы туралы есеп берді.

Өз баяндамасында  Думан Ғазез Мемлекеттік рәміздерге қатысты жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралай келіп, соның ішінде аудан әкімдігі жанындағы ҚР Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалмағанын да тілге тиек етті. Оның ішінде мекеме мөріндегі «ҚАЗАҚСТАН» жазуының латыншаға ауыспағаны, сондай-ақ кейбір мекемеде рәміздерді жою бойынша комиссия құрамы жасақталмағаны, түсі оңған Мемлекеттік Елтаңбалардың бары, яғни ескіргені және тулардың түнгі мезгілде жарықтандырылмағаны жөнінде кемшіліктер айтылды.

комиссия отырысы (3)

Осы мәселелер бойынша комиссия мүшелері өз ойларын ортаға салып, баяндамада көрсетілген кемшіліктерді жою үшін уақыт берді.

Жиынды қорытындылаған Рауан Бисенғалиұлы отырыста көтерілген мәселелер мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, бекітілсін деді.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале