29.11.2024, 17:00
Оқылды: 13

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Алматы облысының Көкөзек ауылында орналасқан кезекті 36-шы мектеп есігін айқара ашты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_3524

Суреттер: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

1500 оқушыға арналған мектеп заманауи стандарттар бойынша жабдықталған және қалалық мектептерден кем түспейді. Аталған мектеп 68 оқу кабинетімен, STEM-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залмен, спорт залдарымен, демалыс және нетворкинг орталықтарамен жабдықталған.

IMG_3525

Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін барлық жағдай қарастырылған, әр оқушы үшін жеке шкафтары бар. Сонымен қатар барлық оқу кабинеттері жаңа технологиялармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, бұл – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының ауылдық жерлерінде салынған бесінші мектеп. Жалпы, биылғы жылдың басынан бері елімізде 36 жайлы мектеп пайдалануға берілді, оның 15-і ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале