29.11.2024, 17:30
Оқылды: 11

Даруна – Жалпақталдың дарынды перзенті

Өнер мен музыканың сиқыр үнін сүймейтін жан кем де кем. Оны адамның жас-кәрісінің бәрі де сүйеді, бәрі де тыңдай алады. Ал қабілеті мол дарыны бар адамдар оны бірден қабылдап, тез түсінеді.

IMG-20241129-WA0036

Негізі қазақ халқы қанынан музыкаға өте бейім келеді. Осыны ескерген біздің көреген қарияларымыз туған жеріміз Жалпақталдан өнерлі өрендерге арнап керемет өнер мектебін ашқан болатын. Бүгінгі таңда сол білім ордасы жарты ғасырдан бері талантты балаларды тәрбиелеуде елеулі қызмет атқарып келеді.

– Жалпақтал өнер мектебі жас таланттардың көзін ашып, үлкен өмірде өз орындарын табу жолында айқын бағдаршамдай сүбелі үлес қосып келеді. Біздің өнер мектебінен небір танымал әншілер, күйшілер, суретшілер мен қолөнер шеберлері шыңдалып шығып жатыр. Мен осындай өнерлі өрендер қатарында алғаш рет мектебіміздің табалдырығын аттап, бүгінде түрлі сахналарда жас болса да нәтижелі өнер көрсетіп жүрген төл шәкіртіміз Даруна Мейрамғали жөнінде өз ойымды ортаға салмақпын. Даруна – өте талантты өнерпаз қыз. Оның болашағы әлі алда. Ертең туған ауылымыз Жалпақталдың атын Даруна сияқты талантты жастар шығаратынына сеніміміз мол. Елімізде 2023-2024 оқу жылынан бастап Оқу-ағарту министрінің ұйғарымымен әлеуметтік желіде «Әншуақ» бағдарламасы өтіп келеді. Сол бағдарламаға «Вокал» сыныбынан Даруна Мейрамғали да қатысып жатыр. Ол – өте зерек, қабілетті, зейінді оқушы. Аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. Оқу озаты. Даруна «Әншуақ» бағдарламасы барысында «Туған өлке», «Балдәурен», «Туған өлкем», «Жайна туған елім», «Ұлы далам менің», «Әдемі ана», «Наурыз көктем», «Менің алтын ұя мектебім», «Ана», «Туған өлкем», «Туған елім Қазақстан» әндерімен бағдарламаға қатысып жатыр. Үміт артқан дарынды оқушыма жеңіс тілеймін, - дейді өнер жолында ұстаздық етіп жүрген Дарунаның төл ұстазы Гүлнар Байғалиқызы.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале