4.12.2024, 10:30
Оқылды: 25

Қазақстанда туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып келеді

Осы жылдың алғашқы 10 айында туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 668,1 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,6%-ға көп. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_4054

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

2023 жылы бұл көрсеткіш 787 млрд теңге болса, 2022 жылы 513 млрд теңгеге жеткен еді. Бұл деректер инвесторлардың еліміздің туристік әлеуетіне қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

«Туризм саласына салынған инвестицияның артуы бизнестің бұл бағытты дамытуға деген тұрақты қызығушылығын байқатады. Негізгі туристік өңірлерде заманауи инфрақұрылым құру арқылы Қазақстанның халықаралық туристік картадағы орнын нығайта аламыз», – деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале