4.12.2024, 11:30
Оқылды: 48

Сағат белдеуінің ауысуы: Министр сағат нешеде ұйықтайтынын айтты

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев және Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі брифингте сағат белдеуінің ауысуы туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

сагат жп

«Егер медицина мамандары қазіргі жағдай денсаулыққа өте зиян екенін айтып, Қазақстанға бірнеше сағат белдеуі қажет десе, Үкімет сағат тіліне өзгеріс енгізе ме? Сағат 16:30-да күннің батуы жөнінде өздеріңіз не ойлайсыздар және сағат нешеде ұйқыға жатасыздар?», - деп сұрақ қойды тілшілер лауазымды тұлғаларға.

Өз кезегінде Ғани Бейсембаев еш болжам жасамауды және медициналық зерттеулерді күтуді ұсынды.

«Жұмысбастылық пен қағазбастылықты ескерсек, сағат 23:00-ден ерте ұйықтамаймын», - деді Оқу-ағарту министрі.

Өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев та әріптесінің пікірін қолдады.

«Алдымен зерттеу нәтижелерін күтіп, нақты нәтижелерге сүйеніп, осы мәселеге қайта ораламыз. Ал менің қай уақытта ұйықтап-оянатыным – кешіріңіз, бұл менің жеке шаруам. Бұл менің қызметтік міндеттерімді орындауыма еш кедергі келтірмейді, сондықтан бұл сұраққа жауап бермеймін», - деді Қ. Шарлапаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале