Бүгін Бөрлі ауданында шығып қалған депутаттардың орнына аудандық мәслихат депутаттарын сайлау басталды. 8 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына 3 үміткер тіркелген. Олар Сәләмат Исламғали, Назгүл Қонақаева және Вераника Пермитина.

Аудан бойынша 2 сайлау учаскесі бар. Бірі аудандық ауруханада орналасқан №87 сайлау учаскесі болса, екіншісі Кеңтүбек ауылдық мәдениет үйінде орналасқан №79 сайлау учаскесі. №79 сайлау учаскесінде 07:00-де ҚР Гимні орындалып, өз жұмысын бастады. Кеңтүбек ауылында орналасқан сайлау учаскесінің төрағасы Анар Арыстанова.

Ауылдағы халық саны 940, ал сайлауға қатысатын адам саны 619. Бірінші болып дауыс берген ауыл тұрғындары Елена Цибулька мен Арман Айтқұловқа сайлау учаскесінің төрағасы Анар Арыстанова арнайы сыйлықтар табыстады.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы