8.12.2024, 11:17
Оқылды: 278

Бөрлі ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасуда

Бөрлі аудандық мәслихатының 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына 2 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда.

image-08-12-24-09-25

№79 учаскедегі сайлауға «Жария», «Сұңқар Ақсай», «Абырой», «Ақсай Қамқор», «Дауыс» қоғамдық бірлестіктерінен және «AMANAT» партиясынан 6 бақылаушы қатысып отыр.

image-08-12-24-09-25-1
№79 сайлау учаскесінің төрағасы Анар Арыстанованың айтуы бойынша сайлаушылардың қатарында 3 туған күн иесі бар екен. Сонымен қатар сайлау комиссиясына үйден дауыс беруге 20 өтініш түскен. Сағат 09:00-дегі ақпарат бойынша 24 адам өз дауысын беріп үлгерді.

Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале