11.12.2024, 15:20
Оқылды: 8

Шыңғырлауда «Жақсылық жасауға асығайық» атауымен концерт өтті

Ақсай қаласында Шыңғырлау ауданы мен Орал қаласының өнерпаздары бірлескен жанға жылы, шуақты концерт өтті.

WhatsApp Image 2024-12-11 at 10.02.32

«Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбымен өткен шараның мақсаты – ауыр дертке шалдыққан 3 баланың анасы, Гүлсара Раульқызы Каримованың Индияның Аппола қаласында өтетін еміне қаржы жинауға атсалысу, жерлестік жанашырлық.

Жалпы қамқорлық, кайырымдылық халқымыздың қанына сіңген қасиет, қашанда сүрінгенге жәрдем, құлағанға көмек кім-кімнің де кеудесіндегі жанашырлық қасиет.

Осы орайда Ақсай тұрғындарын концерттік бағдарламаға жинап, шырайлы әндер шырқалып, дүбірлі күйлер ойналған сахнада Шыңғырлаудың «Торыатбасы әуендері» фольклорлық ансамблі, «Серілер» тобы және «Оралым» ансамблі, дәстүрлі әнші Аманғали Сатпанов, «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісінің иегері Сансызбай Сұлтанғалиев, Мұхит Байғалиев, Асылбек Меңдіғали, Әмірхан Жұбаниязов, сондай- ақ, Орал қаласының өнерпаздары Жаңыл Чугирова, Майра Хайдарова, Наргиза Сүлейменова сынды елге танымалы, ән өнерінің үздіктері өнер көрсетті.

Жанашырлық жан

Ел ішінде осындай үрдіс бар бүгінде. Қиын кеселге тап болып, ауыр дертке араша боларлық көмекке зәру жандар жағдайы қоғамымызды жиі алаңдатады. Осындай сын сәтте Шыңғырлау өңірі, халқы шұғыл көмек қолын созудан танған емес. Бұл ізгі іске көршілес Ақсай қаласы да үнемі атсалысып отырады.

Бөліп айтар несі бар, жалпы облыс халқы мұнда сауапты қадамдардан шет қалған емес.

Қайырымдылық концерті барысында 555 мың теңге қаржы жиналып,  Гүлсара Раульқызының анасы Гүлжиян апайға табыс етілді.

Әсел Әлім

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале