12.12.2024, 15:45
Оқылды: 17

Жаңақалада «Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый» атауымен кеш өтті

«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген даналық сөз бар. 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды.
image-12-12-24-11-47-1
Ол жастардың ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді.
Осыған орай бүгін Рухани орталық ғимаратының мәжіліс залында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый» атты желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті.
image-12-12-24-11-47-2
Жиынға «Батыс Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Болат Таулин мен Роза Абуова қатысты.
Алдымен ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Ранилұлы сөз алып, мерекемен құттықтады. Әрі қарай қатысушы қонақтарға сұрақтар қойылып, әңгіме өрбіді. Кеш соңы балғындардың балғын жырлары мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының әндерімен жалғасты.
image-12-12-24-11-47-3
Тәуелсіздіктің тұғырлы да баянды болуы – әр қазақстандықтың қолында. Әр азамат елдік пен бірлікті ойлап, бәсекеге қабілетті болса, Тәуелсіздігіміз баянды болмақ.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале