13.12.2024, 19:00
Оқылды: 248

Тасқала ауданында комиссия отырысы өтті

Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

жиналым 2

Аталған комиссияның күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралды:

  • Кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы есебі;
  • Жастар арасында кітап оқу мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.

Аудандық білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және мекеме басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама оқып, туындаған мәселелерді ортаға салды.

жиналыс 1

​Сонымен қатар комиссия мүшелері жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік, психологиялық және құқықтық мәселелерін шешу, сондай-ақ оларға арналған білім беру, құқық қорғау және медициналық көмек көрсету шараларын ұйымдастыру мақсатында 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылады.

​Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріліп, қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Гүлмира Мақанова

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале