1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісі — Тәуелсіздігімізге жол бастаған саяси оқиға. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан да Тәуелсіздіктің қасиетті ұғымы сол оқиғаның бел ортасында болған аға-апалардың естеліктері арқылы жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс. Өйткені, бұл азаматтар сол тарихи оқиғаның куәсі болды.

Бөкей ордасы аудандық бірлестік өкілдері осынау атаулы күнде де ұйымшылдық танытып, Желтоқсан оқиғасына қатысқан сайқындық жерлестеріміздің, атап айтқанда ерлі-зайыпты желтоқсаншылар Ерсайын, Гүлнәр Хасеновтердің, Шолпан Хайрошева мен Клара Шанауовалардың шаңырағына арнайы барып, сый-сыяпаттарын табыстап, алғыстарын білдірді.



Арайлым Есмағұлова
Бөкей ордасы ауданы