17.12.2024, 9:15
Оқылды: 99

Боран, тұман, көктайғақ: 17 желтоқсанда аяз күшейеді — Қазгидромет

Синоптиктер 2024 жылғы 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазды ҚазАқпарат.

Кыс Орал ЖП (7)

«Солтүстік циклон, сондай-ақ онымен байланысты атмосфералық фронттар салдарынан Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады», - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің қалған бөлігінде антициклонның беті қайтып, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Республикамыз бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылыс — желдің күшеюі, солтүстік-батыста боран, тұман, батыста, солтүстік-батыста көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде солтүстік, орталық өңірлерде, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында күн аяздап, 25-28 градус қатты суық болады деп күтіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале