18.12.2024, 23:48
Оқылды: 7

Бәйтерек ауданында экологиялық тәртіпті бұзғандар 51 млннан аса айыппұл арқалаған

Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомстволық комиссия отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев төрағалық етті.

IMG-20241218-WA0067

Күн тәртібінде абаттандыру қағидаларын және инфрақұрылым нысандарын бұзу, ұсақ құқықбұзушылық фактілері бойынша қолданылатын шаралар, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, осыжылы құқықбұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстар және 2024 жылғы хаттамалардың орындалу барысы туралы төрт негізгі мәселе қаралды.

IMG-20241218-WA0069

Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша аудандық ІІБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Азамат Жұмағалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, 2024 жылдың сәуір айынан бастап республика көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы өткізілді. Бұл акция барысында қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді. Нәтижесінде, абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандарына зиян келтіру және жасыл желекті жою бойынша 320 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 кәсіпкерге 20АЕК көлемінде айыппұл салынды. қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 120-ға жуық рейдтік іс-шара ұйымдастырылды, соның ішінде «Жасөспірім» кең көлемді іс-шарасы өткен. Қылмыс динамикасы төмендеген. Мәселен, мас күйінде жасалған қылмыстар 65-тен 54-ке, көшедегі қылмыстар 12-ден 10-ға, отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы қылмыстар 6-дан 4-ке қысқарған. 434-бап бойынша қоғамдық орындардағы ұсақ бұзақылықтың алдын алу үшін 245 бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның көмегімен 140 құқықбұзушылық анықталып, тиісті шаралар алынған. Экологиялық тәртіп бұзушылықтар бойынша 434-2-бапқа сәйкес 157 хаттама толтырылып, 51 млн 648 мың 918 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның 98,1%-ы өндірілді. Жол қауіпсіздігі бойынша да оң нәтиже байқалады. Жол ережелерін бұзу деректері былтырғы 40 жағдайдан 13-ке азайып отыр. Адам қазасымен аяқталған жол-көлік оқиғалары 23-тен 10-ға төмендеген.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Ғұбашева баяндама жасады. Оның айтуынша, аудан әкімдігі мен полиция бөлімінің бірлескен іс-шараларының нәтижесінде жастардың бос уақытын тиімді өткізуге және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған нақты жұмыстар жүргізілуде. Атасақ, 2024-2025 оқу жылында аудан мектептері мен колледждерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы күрес шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылуда. «QUIZIZZ» интеллектуалдық ойындары, спорттық сайыстар және би кештері өткізілді. Жастар орталықтары мен пробация қызметінің ынтымақтастығы нәтижесінде №2 пробация қызметі жастарға экскурсиялар ұйымдастырып, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етуде. Түнгі уақытта мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түнгі рейдтер жүргізіледі. Бұл шаралар балалардың қадағалаусыз қалмауына және құқықбұзушылыққа ұрынбауына бағытталған.

IMG-20241218-WA0068

Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев жастармен жұмыс ақпараттық түсіндірумен ғана шектелмей, нақты істерге бағытталуы тиіс екеніне екпін қойды. Сондай-ақ, онлайн режимде қатысқан округ әкімдеріне ауыл жастарының белсенділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Комиссия отырысында жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мәселесі де талқыланып, төртінші мәселеге қатысты 2024 жылғы хаттамалардың орындалу барысы назарға алынды.

Гүлім Орда

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале