19.12.2024, 15:15
Оқылды: 178

Бала зорламақ болған ақмолалық әскери ұсталды – ІІМ

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі кәмелет жасына толмаған жасөспірімді зорламақ болған. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп жазды ҚазАқпарат.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

— Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сот санкциясымен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі ақмолалық гарнизонының әскери қызметшісі ұсталып, қамауға алынды, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын еске салды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале