19.12.2024, 17:15
Оқылды: 145

Қазақстанның ең маңызды бес сауда серіктесін білесіз бе?

2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 116,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 1,5% артық.

IMG_5612

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

Ұлттық статистика бюросының жазуынша, экспорт көлемі 68,4 млрд долларды (номиналды мәнде 5,1% көп) құрады. Ал тауар импорты 48,4 млрд долларды (номиналды мәнде 3,3% аз) құрады.

Импорт бойынша негізгі серіктес елдер:

Ресей – 14,3 млрд $

Қытай – 12,3 млрд $

Германия – 2,3 млрд $

АҚШ – 1,8 млрд $

Франция – 1,5 млрд $

Экспорт бойынша негізгі серіктес елдер:

Италия – 16,4 млрд $

Қытай – 12,2 млрд $

Ресей – 7,5 млрд $

Нидерланд – 4,4 млрд $

Франция – 3,2 млрд $

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале