23.12.2024, 11:30
Оқылды: 410

Албания TikTok желісіне тыйым салды

Албанияда келер жылдан бастап TikTok қолданылмайды. Тиісті заңды қабылдаған ел билігі әлеуметтік желінің балалардың тәртібі мен психикасына кері әсері барын алға тартады. Бұл туралы 24.kz жазды.

IMG_5884

Сурет: pexels.com

Бұл шешімді шығару өткен айда мектепте орын алған тәртіпсіздіктен кейін қолға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, TikTok арқылы оқушылар жанжалдасып, оның арты мектептегі төбелеске айналған. Соның салдарынан 14 жастағы жеткіншек көз жұмған.

Осыдан кейін жергілікті билік TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салатын заң жобасын қабылдады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале