26.12.2024, 16:30
Оқылды: 295

Оралда полицейлер бір жасар қыздың өмірін сақтап қалды

БҚО-да қыз бала ауыр жағдайда болып, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болды. Баланың әкесі көктайғақтың салдарынан қызын тез ауруханаға апара алмайтынын түсініп, полиция қызметкерлеріне жүгінген, деп хабарлады БҚО ПД-ның баспасөз қызметі.

Полиция ЖП (жаңа фото)

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, қыз баланың ата-анасы жолда патрульдік полицейлерге көмек сұрап жүгінген. Олар баласының жағдайы ауыр екенін және жолдағы мұздың салдарынан ауруханаға тез жете алмайтындарын жеткізген.

Орал қалалық полиция қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны Азамат Мұхамбетов және қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Наурызбек Бектасов уақыт жоғалтпай дереу көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

«Олар анасын және баласын патрульдік көлікке отырғызып, ауруханаға жедел жеткізеді. Ауруханада балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Нәресте балалар ауруханасына уақытында жеткізіліп, соның арқасында оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнбеді», - деп хабарлады БҚО ПД.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале