Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Отыз жыл – тарих үшін қасқағым сәт болғанымен бүкіл республика үшін маңызды кезең. Осы жылдар ішінде халық қалаулылары елмен бірге өркендеу мен дағдарыс кезеңдерін бастан өткеріп, демократияны нығайтуда, аймақтық экономиканы дамытуда және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Осыған орай бүгін Тасқала аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына орай шара ұйымдастырылды.
Жиынға аудан әкімі Талғат Шакиров, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ганмерлан Тұрғаналиев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Нұртай Жұмашев, аудандық сот төрағасы Әлия Теберикова, Тасқала ауданының прокуроры Алмас Унаев және бірқатар мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты. Сөз алған аудан әкімі Талғат Асқарұлы өзінің құттықтау лебізін білдірді.
«Мәслихат жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы маңызды рөлге ие. Ол халықпен билік арасындағы алтын көпір. Қоғамның сөзін айтып азаматтардың құқықтары мен мүделерін қорғайтын – сенімді саяси институт. Биыл ел мәслихаттарының құрылғанына мерейлі – 30 жыл. Осы мерейлі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тасқала ауданының өркендеуіне аудандық мәслихатымыздың үлкен үлесін қосып келеді. Мәслихат депутаттары аудан халқының тұрмыс сапасын жақсартуға атсалысып, ел мүдесі жолында тыңдырымды еңбек етуде. Қабылданған шешім халықтың мүдесі, елдің болашағы басты назарда екенін сеніммен айта аламын. Ауданымызда қиыншылық кезінде, қуаныш кезінде де біздің депуттарымыз алдыңғы қатарда жүрді. Халық әрине оған куә. Баршаңызға еңбегіңізге тек жақсылық, деніңізге саулық, істеріңіз алға баса берсін. Осындай ауызбіршілікпен Тасқала ауданымыз алдыңды қатардан көріне берсін. Еңбектеріңізге халықтың алдында алғысым шексіз», - деді.
Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай және жергілікті өкілді органдардың қалыптасып, нығаюына, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді депутаттық қызметтері үшін бірнеше депутаттар марапатталды.
Соның ішінде Қазақстан Республикасы Сенатының Құрмет грамотасы Құбайдолла Нұрмұхановқа берілсе, Қазақстан Республикасы Сенатының алғысхаты Сансызбай Рахимовқа табысталды.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының алғысхатымен Жарас Жамансариев, Орынбасап Өтешев, Мәди Хаиров, Замир Сәрбенбаев мараппаталды. Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігінің алғысхатымен Азамат Құлышманов марапатталды.
Сондай-ақ «Amanat» партиясының Батыс Қазақстан облысы филиалының атқарушы хатшысы атынан алғысхаттарды Данияр Дүйсенғалиев және Есенмұрат Көшербаеқа табыстады. Келесі кезекте аудандық мәслихат төрағасының алғысхаттарымен Ганмерлан Ғұсманұлына, Орынбек Насимллинға, Бауыржан Имашевқа, Гүлмаржан Ғұмароваға және Галина Проценкоға табыс етілді.
Назерке Шайхолла
Тасқала ауданы