Орал қаласында бокстан 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысып, керемет нәтиже көрсетті.
Дәлірек айтсақ, 33 келі салмақта Бекназ Қамидолла, 40 келіде Азизхан Қадыр, 70 келі салмақта Ақтілек Ахмет қола жүлдені иемденсе, Мерейхан Қамит 30 келі салмақ дәрежесінде жүделі бірінші орынға ие болып, Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. Жас спортшыларды Нұрбек Орынбаев жаттықтыруда. Мерейханға республикалық чемпионатта сәттілік тілеп, биіктен көрінуіне тілекшіміз!
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы