14.01.2025, 12:15
Оқылды: 50

Жаңақалада шұғыл ота жасалды

Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Дәурен Асылбекұлының ұйымдастыруымен, акушер-гинеколог Маржан Көпбосынованың жетекшілік етуімен жаңақалалық тұрғынға шұғыл ота жасалды.

WhatsApp Image 2025-01-14 at 13.14.32

Шағымдар мен аурудың тарихын, объективті, ультрадыбыстық тексерулер және зертхананың мәліметтері бойынша диагноз қойылған. Сөйтіп, науқас шұғыл "Лапаротомия. Оң жақтағы қосымшаларды алып тастау. Адгезиолизис" атты операциялық емдеуге жатқызылып, ота сәтті өтті.

Ота жасаған құрамыда акушер-гинеколог Маржан Көпбосынова,  хирург көмекшісі Дияров Азамат, гинеколог көмекшісі Снежана Үсенова , анестезиолог-реаниматолог  Ахатжан Асанханов, анестезист  Жандос Шакетов, операциялық мейірбике Гулбану Ерланова, санитарлық тазалықшы Күнсұлу Махметовалар болды.

Сәтті жасалынған ота нәтижесінде науқас палатаға ауыстырылып, тұрақты емін қабылдауда. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы.

 

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале