15.01.2025, 9:30
Оқылды: 38

Қособада шөптің бумасы – 4000 теңге!

Тәспінің тасын айналдырған шал секілді ауылдағы ағайын қыстың әр күнін аса бір ыждағаттылықпен өткізуде. Көңіліндегі есеп – қисабына салсаң,  сексен күнді сырғытып тастап, көктемге, көктемеге жеткісі келеді. Ондағы уайымы – малы.

WhatsApp Image 2025-01-15 at 10.22.07

Қособа ауылдық округінде биылғы жылы 18 нүктеде мал қыстатылуда. Қалған шаруашылықтар түліктерін ауылдың, үйдің айналасына үйірген.

Округ әкімі Бейімбек Жаймановтың айтуынша, қособалықтар қыстақта қысылмау үшін жаздай «жасыл жайлау, көк кілемнің» басында жатпай – тұрмай еңбек етті. 2024 жылы 29, 60 га шабындық жерге шалғы тиіп, 13,32 тонна мал азығы дайындалды. Меже – 11,9 тонна еді, шаруалар оны артығымен орындады. Шөптің шығымдылығы гектарына 4,5 центнерден беріпті.

Қособа ауылдық округі – мал шөбін өндіруші іргелі округ. Биыл ауыл пішеншілері өңірдегі төтенше жағдай  жарияланған Бөкейорда, Жәнібек, Қазталов аудандарына ірі көлемде мал азығын жөнелтті.

Қыстың көзі қырауда болғанына қарамастан, Қособада шөп бумасының жаздағы бағасы сақталып отыр. Округ әкімі Бейімбет Жаймановтың берген мәліметіне сүйенсек, Қособадан көлдік шөптің бумасын 4000 теңгеге сатып алуға болады.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале