Бүгін Казталов ауданына қарасты Жалпақтал Мәдениет үйінде Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылғанына 25 жыл толуына орай Шекара қызметінің сержанты, әнші, сазгер Қуат Ахметовтың шығармашылық ән кеші өтті.
Казталов ауданының тумасы Қуат Еркетаңұлы Алма Оразбаева орта мектебінің түлегі. Патриоттық рухты әндерімен көрермен залын тербеген кеш иесінің бүгінгі коцертіне жалпақталдық ағайындар көп жиналыпты.
Олар сахна шымылдығы ашылғаннан бастап, концерт барысы біткенге дейін шекарашы өнерпаздарға қол соғудан жалыққан жоқ. Шекара қызметінде абыройлы еңбек етіп, өнегелі отбасының иесі атанған Қуат Ахметов көрермендерді өз әндерімен сусындатты.
Жақсы коцертке қанық болған жалпақталдық көрермендер атынан өз ризашылығын білдірген Жалпақтал ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Руслан Мусин ән кешін ұсынған өнерпаздарға Алғыс хат табыс етті.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы